«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

866

Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды.Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде, — деп хабарлайды http://kazgazeta.kz киностудияныың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Біз фильмде Мұқағали Мақатаевпен есейге кезінде, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытта танысамыз…




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *