«ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ — БАРШАҒА ОРТАҚ ІС» АКЦИЯСЫ

1133

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясын өткізді. Акция аясында қаланың 68 көшесі мен 14 даңғылында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субьекті қамтылды. Сондай-ақ кәсіп иелеріне Заң талаптары түсіндіріліп, кемшіліктер түзелді. 400-ден астам рұқсатсыз орналастырылған жарнама мен көрнекі ақпараттар алынып тасталды. Осыған орай қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы акцияны қорытындылау, сондай-ақ алдағы уақытта өткізетін жұмыстарды айқындауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Акция өткізудегі негізгі мақсат:

ü тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау;

ü заңнаманы бұзғандардың жауапкершілігін күшейту;

ü мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін өсіру;

ü сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін қателіктердің алдын алу.

Дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылық құрамы, Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Нұр-Сұлтан қалалық Прокуратурасы, қалалық кәсіпкерлер палатасы, Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының әкімдігі, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы және т.б. мемлекеттік мекемелер мен қоғам қайраткерлері, арнайы шақырылған дәріскерлер қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *