Көкшетау техникалық институтының кезекті шығарылымы

1139

2019 жылғы 14 маусымда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жас құтқарушы офицерлерді өздерінің қатарына қабылдады, олар күні ертең өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын іс-жүзінде пайдалана отырып, ТЖ комитетінің бөлімшелерінде қызмет етуді бастайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Күндізгі оқыту факультеті курсанттарының шығарылымына арналған салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В.Р.Беккер, Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа құрметті қонақтар қатысты.

КТИ-ның күндізгі оқу факультетінің курсанттарынан басқа бірнеше жыл бұрын Институт жолданған Ресей және Беларусь ТЖМ жоғары оқу орындарында оқу бітірген 34 жас мамандар да өмірге жолдама алды. Сонымен қатар КТИ халықаралық келісімге сәйкес төртінші жыл қатарынан Қырғызстан ТЖМ үшін мамандарының шығарылымын өткізуде.

20 жылдан астам уақыт ішінде Көкшетау техникалық институтының жұмысы азаматтық қорғау саласында білім қызметін табысты жүргізуші жоғары оқу орны беделіне ие болды. Ол 4890 маман дайындады, сондай-ақ шетел оқу орнының түлектері, ТЖ комитетінің 3661 қызметкері институт қабырғасында қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар КТИ өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау және азаматтық қорғаныс салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ спорттың көптеген түрі бойынша лайықты спортшыларды дайындайды. Барлық түлектер Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріндегі лауазымдарға тағайындалған. Іс-шара дәстүр бойынша Ақмола облысы гарнизонының өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесінен, түлектердің ата-аналарын, олардың жақындары мен жалпы қонақтарды жоғары оқу орынның тарихымен таныстырудан басталды.

Шығарылымның салтанатты рәсімін ашық деп жариялаған Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өзінің бастама сөзінде Инаститут түлектерінің басшылық лауазымдардағы қызметі мен басқа күш құрылымдарында қажеттілігі мамандардың жоғары дайындығын көрсететініне назар аудартты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде, жас лейтенанттарды институтты табысты бітірулерімен, алғашқы офицерлік атақ алуларымен құттықтап, жаңа көзқарастары мен заманауи тәсілдері бар жастардың Қазақстан Республикасының тұрғындары мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін шешуге ықпал ететінінділіне сенім білдірді.

Бұдан соң КТИ-дағы шығарылым дипломдарды табыс ету мен жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдерімен жалғасты. Осы оқу жылында түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы азаматтық қорғау лейтананты Садақбаев Азаматқа берілді, ол курс старшинасының көмекшісі болып, курста және институтта өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысқан және курстастары еліктейтіндей үлгі бола білді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер офицерлік қоштасу вальсін билеп, аспанға курсанттық өмірмен және оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шарлардан жасалған курсанттық погон композициясы жіберілді. Жас лейтенанттар соңғы рет жалпы курсанттық салтанатты шерумен өтіп, жас офицерлердің таза ниеттері мен мінсіз қызмет атқаратындықтарын білдіретін күміс ақшаны көкке шашты. Жас лейтенанттар оқу ордасынан ұшып шығып, жоғары кәсіптілік пен отансүйгіштіктің үлгісі бола отырып, азаматтық қорғау офицерлерінің атағын жоғары ұстап, міндеттерін мақтанышпен атқаратындықтарына сенімдіміз.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *