Ержан Максим өзінің жеке концертінде жаңа әндер ұсынады

1773

28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимнің айрықша шоу-концертінің куәгерлері болады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі елорда күніне орай «Голос. дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындауда.

Орындаушының жасы – жеке концертті өткізуге еш кедергі емес, Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композициялар жазу үстінде. Бұл Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндері болып табылады, аталмыш шығармаларды жеке концертке келген көрермендер алғашқылардың бірі болып тыңдайтын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *