Бұғы ашқан жаңалық

1607

Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңшы қуа береді. Алыстап кеткен бұғының қарасымен соңынан қуып жеткен аңшы, оның буы бұрқыраған батпақты бұлаққа «шомылғанын» көргенде таң қалады.
Кейін бұл бұлақ, оны тапқан аңшының атымен Рахманов бұлағы деп аталған. Жуырда Қазақстанның бір топ ғалымдары көптеген ғасырлар бойы жабайы аңдардың жарақаттанған жерін балшықпен емдейтін бұлақ суын зерттеу жұмысын аяқтады. Мұндағы судың құрамында кремний мен көмір қышқыл тұздары – кальций және натрий тұздары бар екендігі анықталды. Судың температурасы 31-42 градус. Бұл бұлақ суы шамалы радиоактивті. Өзінің құрамы жағынан ол Цхалтубоның, еліміздегі кейбір басқа курорттардың да суына ұқсас. Міне, бұғының көмегімен осындай жаңалық ашылды.

Нұрлан Құмар




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *