Шанхайда «Шырақшы» фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті

741

Кеше 18 маусымда XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» атты көркем фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті. Еске салайық, фильм 24 маусымда аяқталатын фестивальдің негізгі байқау бағдарламасына қатысады.Халықаралық қазылар алқасын белгілі түрік режиссері, Канн кинофестивалінің Алтын Пальмалық бөлімшесінің лауреаты Нури Билге Джейлан басқарады. Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Қазақфильм» АҚ және «Tursunov Film» компаниясымен бірге түсірілген. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сондай-ақ, кеше Шанхайда «Шырақшы» фильмінің баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға «Қазақфильм» АҚ-ның бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов, фильмнің режиссері Қанат Торебай, желілік продюсер Диана Әшімова және фильмдегі басты актер Мұрат Мұқажанов қатысты.

Серік Жұбандықов фестиваль қонақтарын құттықтап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Продюсер Қанат Торебай түсірілім туралы, фильмнің тарихы туралы әңгімелеп берді, Мұрат Мұқажанов негізгі кейіпкердің бейнесін қалай сомдағаны туралы мәліметтермен бөлісті. Диана Әшімова, өз кезегінде, қазақстандық кино алғаш рет Шанхай кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып жатқандығын айтты.

Фильм соғыстан оралған жауынгердің тарихын баяндайды. Оның қолында құтқарылған неміс қартының сыйы — ескі фильм проекторы бар. Өмірінің соңына дейін солдат сол кинопроектормен айырылмай жүреді…

Шанхай фестивалі Қытайдағы ең ірі кинофестиваль. Шанхайдағы алғашқы кинофестиваль 1993 жылы қазан айында өтіп, 33 елдің 167 фильмдері көрсетілген. Оған 300 мың көрермен келіп, қазылар алқасының құрамында Карен Шахназаров пен Оливер Стоун болды.Содан бері фестиваль 2001 жылға дейін екі жыл сайын, одан кейін оны жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *