Мектеп оқушылары көшбасшылық негіздерін үйренеді

208

«Тау Тұран» жазғы лагерьде «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Білім – Орта Азия» білім беру орталығы іске асырып жатқан «Болашақ – менің таңдауым!» жобасының аясында ұйымдастырылған оқушылардың бірегей ауысымының жабылу салтанаты өтеді.

Он күн бойы алматылық жасөспірімдер әсем шатқалда демалып қана қоймай, көшбасшылық негіздерін үйреніп, өздерінің әлеуеттерін арттырды. Оларға белгілі психолог, театр  актерлері, режиссер, фотограф және дизайнерлер қатарынан құралған тәжірибелі тренерлер мен тәрбиешілер көмектесті. Тәлімгерлердің осындай әралуан құрамы ауысым қатысушыларына тұлғалық үйлесімділігіне тиімді әсер ететін білім мен машықтар алуға септігін тигізді.

Балалар коммуникативтік дағдыларға, кәсіби бағыт беру кездесулеріне және салауатты өмір салтын насихаттауға, соның ішінде психологиялық денсаулық пен дұрыс тамақтануға ерекше назар аударатын, қазір ешбір мектепте және гимназияда оқытылмайтын, бірақ уақыт талабына сай келетін, көшбасшылықты, эмоциялық интеллекті дамытатын пәндерді оқыды.

– Биыл лагерьде біз ішкі жан-дүниені тануға, шығармашылық әлеуетті дамыту резервтерін ашуға, құрбы-құрдастармен қарым-қатынас құру дағдыларын жақсартуға баса назар аудардық. Бұл мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде өте маңызды. Тиімді оқыту қағидасын біз бірнеше жыл бойы іске асырып келеміз және ол «тең – теңіне» болып өзгеріссіз қала бермек, – дейді «Білім – Орта Азия» білім беру орталығының басшысы Лариса Горбунова.

Ауысым бағдарламасының «оқудан тыс» бөлігі өте қызықты және танымды сабақтардан тұрды. Кез келген лагерь үшін дәстүрлі болған ойындармен, үйірмелермен, спорттық жарыстармен қатар жасөспірімдер сценарий жазуды, өз спектакльдерін қоюды үйренді, арт-жобаларды құру негіздерімен танысты, ойын және театр техникаларын үйренді. Қатысушылар командалары таңдаған өздері үшін маңызды тақырыпта «Бәрі қолыңнан келеді, ең бастысы соны қалау!» деген ұранмен бейнебаяндар ойластырып түсіру мүмкіндігіне ие болды.

Бейнебаяндар ауысымның жабылу салтанатында көрсетілетін болады. Сонымен қатар адами және табиғи ресурстарды күтудің маңыздылығы туралы театр қойылымы көрсетілетін болады.

Ауысым жабылуы «Тау Тұран» лагерінде 2019 жылғы 26 маусым сағ. 12:00-де өтеді.

Білім беру орталығы 1995 жылы шет елде білім алу бойынша кеңес беру орталығы болып құрылған, ол жерде шет елде білім алу мәселелері бойынша кәсіби консультанция алуға болатын. 2004 жылдан бастап Орталық «Білім – Орта Азия» білім беру орталығы қазақстандық үкіметтік емес ұйым ретінде жұмыс істейді, оның миссиясы Орта Азияны халықаралық білім беру кеңістігіне біріктіретін реформаларды таныстыру және қолдау болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *