Қазақшасын мүлдем көрсетпей отырған кинотеатрлар бар!

1727

Құрметті Актоты Раимкулова, кинотеатрларда қазақша контентті жылына 5-6 рет қана көрсетеді. Кинотеатрларда 12 жасқа дейінгі аудитория үшін қазақша дубляжды, прайм тайм уақытты міндеттеуге болар еді. Бірақ сіздер әзірлесіп биыл қабылданған «Кинематография туралы» заңдарыңызға рақмет. «Болашақ» КҚ дубляждаған (мемлекеттің бір тиыны жұмсалмай) «Ойыншықтар хикаясы» анимациялық фильмі кеше астанада 89 рет көрсетілді. Қазақша болады деген 6 сеанс мүлдем көрсетілмеді. Енді бүгін астанада осы анимациялық фильмнің 86 сеансы болады. Оның 14-і ғана қазақша. Қазақшасын мүлдем көрсетпей отырған кинотеатрлар бар! (Мәселен, Евразия Cinema7). Алматы қаласында бүгін 218 сеанс бар, оның 14-і қазақ тілінде. Қазақ тілінің қамын дәл осы жерде жеп, дәл осы мәселеде қорғасаңыз, абыройыңыз алдыңғы әріптесіңізден гөрі биігірек болар еді.

Белла Орынбетованың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *