Зиялы қауым «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосты

190

Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин зиялы қауым атынан «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосты.

«Арыстағы ауыр жағдай арқамызды аяздай қарыды. Алаштың жұртын, қазақтың елін қатты қайғыға батырды. Біз күтпеген нәрсе еді. Арыстықтарды, түркістандықтарды, оңтүстік жұртына сіздермен біргеміз дегіміз келеді. Сіздердің төзімдеріңіз бүгін де сынға түсіп отыр. Күллі қазақ жұрты сіздермен бірге! Осы кезде Түркістан өңірінің әкімі Өмірзақ Шөкеевтің халқын бір үлкен бірлікке шақырып, әрекет жасағаны, суыт хабар астанаға жеткен кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы ұшып баруы, бүкіл елдің жұмылып жатуы — ұлттық қайғыны көтеру үшін республиканың әлеуеті жететінін көрсетеді. Айқай ешкімге пайда бермейді. Өз қайғымызды өзіміз жеңуіміз керек. Қайғыны жеңудің ең басты күші — ішкі бірлік. Зиялы қауым шет қалмайды. Қолынан келгенше Түркістан жұртшылығына көмегін береді», — деді Нұрлан Оразалин «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы «Арыс, біз біргеміз» телемарафонында.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *