ҚР Президенті: Арыс тұрғындарына барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектеседі

213

Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, барлық мәселені жеке өз бақылауына алғанын айтты.

«Менің тапсырмам бойынша барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектесетін болады. Балаларға қатысты айтар болсам, қазірдің өзінде екі облыс — Ақмола мен Павлодар облыстары балаларды бастарынан өткерген осынау қорқынышты сейілтіп, демалуы үшін жазғы маусымда өздерінде қабылдауды ұсынып отыр. Сәл-сәл шыдаңыздар, бәрі дұрыс болады. Бұл мәселелердің барлығын жеке өзімнің бақылауыма аламын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Опубликовано Берік Уәли Понедельник, 24 июня 2019 г.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *