Арыстағы апаттан тағы бір адамның мерт болғаны хабарланды

209

Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза болды. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқиға орнында болып, төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам — азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда, олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», — деді Асқар Мамин бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *