«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ МЕН «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

2149

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Қордың директорлар кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып Жәмиев Алмат Күнжолұлы сайланды, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Лука Сутераның (Luca Sutera) өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қор Басқармасының шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтың және Анатолий Тихонович Спицынның өкілеттігі тоқтатылды.

         Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілді. «ҚТЖ»  АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары Святов Серік Аманжолұлы қызметінен кетті.

Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

коммуникациялар жөніндегі департаменті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *