Алматыда болған өрттен қарт адам құтқарылды

245

23 маусым  күні  15 сағат 52 минутта  Алматы қаласы ТЖД «101» пультіне Әуезов ауданы Ақсай 4 шағын ауданы  122 үйде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында балкон түтіндегені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту түскен 5 минуттың ішінде, 16 сағат 57 минутта  оқиға орнына жылдам әрекет ететін мотоцикл экипаждары келіп жетті.

Тұрғындарының тұраққа қойған автокөліктері өтетін жолды жауып тастағандықтан өрт сөндіру автокөліктеріне өрт шыққан үйге бару қиынға соқты. 9 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконнан қою қалың түтін шығып, жанып жатты. Құтқарушылар барғанда пәтер есігі жабық болды. Көршілердің айтуынша, пәтерде 78 жастағы ер адам кілтпен жабылып қалған.

Көк жалынның арасынан адамды құтқарып, өртті ауыздықтау үшін есік гидравликалық құралмен ашылды.

Өрт сөндірушілер түтін басқан бөлмеден 1941 жылы туылған қарт адамды қауіпсіз жерге алып шықты.

Анықталғандай,  кондиционерден өрт шығып, 1 шаршы метр аумақтағы     үй заттары  жанған.  Өрт мотоциклшілердің жабдықталуына кіретін өрт сөндіру құралдарымен сөндірілді.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *