Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин болып өзгерді

1694

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.

***

Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   

Президенті                                                                                                   Қ.Тоқаев    

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым

№ 29

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *