Атырауда «Адалдық көпірі» жобасы іске қосылды

986

Аталмыш жоба халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету және азаматтардың билікке деген сенімін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау аясында ұйымдастырылған, деп хабаралайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы жаяу жүргінші көпірі тәрбиелігі мол қанатты сөздермен толықты. Атыраулықтар көпір үстімен жаяу жүріп қана қоймай, танымал тұлғалардың адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық және мотивация турасындағы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерін оқып, рухани жаңғыратын болды.

Жобаның басты мақсаты — қала тұрғындарының назарын әдебиетте ізін қалдырған отандық және шетелдік ұлы тұлғалардың қанатты сөздеріне аударту арқылы қоғам санасын өзгертуге, жас өскелең ұрпақты адалдық пен еңбекқорлыққа баулуға, әділ болуға, заңды құрметтеуге шақыру.

Жобаның ашылу рәсімінде сөз алған ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов ерекше жобаның ашылуымен қала тұрғындарын құттықтап, жиылған жастарды адалдыққа, отансүйгіштікке пен ауызбіршілікке шақырды.

— Жобаның мақсаты — адалдық, әділеттілік сияқты адамзаттың ең жақсы құндылықтарын насихаттау арқылы қоғамдық сананы өзгерту, азаматтарды, әсіресе жастарды адалдық пен еңбекқорлыққа шақырады. Атырау қаласының тұрғындары жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы жобаның маңызды рөлін оң бағалайтынына сенімдімін», — деді Тоқтамыс Жұмағұлов.

Айта кету керек, «Атырау-адалдық алаңы» жобасы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Атырау облысы әкімдігінің бірлескен жобасы болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *