Адамның табысты болуына гені әсер етеді

479

Ғалымдардың айтуынша, еңбекақы мөлшерінің деңгейі адамның геніне байланысты. Бұл туралы фин ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелерінде айтылған. Зерттеуге 1950-1957 жылдар аралығында дүниеге келген егіздер қатысқан»,  деп жазады Финляндияның Helsingin Sanomat басылымы. Автордың айтуынша, көп жағдайда табысты адамдар өздерінің осы деңгейге жеткені үшін ата-анасына алғыс айтып жатады. Дегенмен, адамның табысты болуына отбасындағы тәрбиеден гөрі геннің әсері көбірек болып шықты. «Психогенетика туралы зерттеу жүргізген ғалымдар «Экономикалық теңсіздік туралы» (The Journal of Economic Inequality) журналда мақала жариялап, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Олардың айтуынша, еңбекақы мен капитал табысы ең алдымен адамның геніне байланысты болады. «Геннің табысқа әсері ерлерде 54%, әйелдерде 39% байқалған. Ғалымдардың айтуынша, әйелдер кейде үйде отыруды таңдайтындықтан, олардың табысына геннің әсері аз байқалады», — дейді Аалто университетінің экономика профессоры Илмакуннас. Ғалымдарды пайымынша, адамның табысына ген денсаулық, ақыл ой қабілеті, жеке қасиеттер мен қауіпке бару тәуекеліне қарай әсер етеді. «Зерттеуде 33-59  жас аралығындағы 1950-1957  жылдары дүниеге келген адамдардың табысы ескерілді. Егіздерді салыстыра келе ғалымдар адам тағдырына геннің әсері барына тағы бір көз жеткізіп, адамның табысты болуына да ген әсер ете алатынын анықтады. Ортақ гені бар егіздерде көбіне табыс көлемі бір деңгейде болған. Олар екі жақта тәрбиеленгеніне қарамастан, табысты болған», — деп жазады автор.

inform.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *