Құстар көкек жұмыртқасын неге басады?

369

Англияда бір себептермен ерекше көрме ұйымдастырыла қалған. Көрмеде көгілдір, қоңыр қошқыл, сары, жасыл, сұр, ақ, біркелкі бояулы және алабажақ жұмырт­қа­лардың түр-түрі қойылған. Осы 919 ­жұ­­мыртқа 76 түрлі құс ұясынан алыныпты. Бар­лығы да көкектердің жұмыртқасы екен.
Ғалымдар санай келе көкектердің өз жұмыртқасын 150 түрлі құстардың ұясына салатындығын анықтаған. Олар шымшықтардың, суықторғайлардың, қамыс торғайдың, шыбын аулағыш торғайдың, жылқышының, жалпы құс атаулының бірсыпырасының ұясына өзінің жұмыртқаларын тастап кетеді. Бұл кішкене құстар көкектің үлкен балапанын бағып, асырайды да, өз балапандарынан айырылады.
Сонда бұл құстардың көкектің жұмыртқасын өз ұясынан лақтырып тастамау себебі не? Оның себебі – көптеген құстар өз жұмыртқасын жақсы тани алмауынан. Мәселен, бүркіт, тауық, үйректер жұмыртқа пішіндес кез келген заттарды баса беретіндігі дәлелденген. Ал аққулар, тіпті жұмыртқа орнына салынған бос құмырадан балапан шығармақшы болған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *