Нұрлан Ноғаев «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы директорлар кеңесінің отырысына қатысты

127

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің отырысына қатысты. Бұл тұралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Директорлар кеңесінде 2018 жылы және 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында жасалған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.

«Атырау» ӘКК төрағасы Марат Түсіпқалиевтың айтуынша өткен жылы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде Атырау қаласына жаңа қоғамдық көліктер алынды. Сонымен қатар, Нұрсая ықшам ауданындағы медицина қызметкерлеріне арналған көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының жұмысыда жүйеленген.

Кездесу барысында енді жасалатын инвестициялық жобалар туралы да сөз қозғалды. Бүгінде «100 сауда орны» бағдарламасы бойынша өңірде жұмыстар жүргізіліп, кәсіпкерлерге тың серпін берілуде. Осы жоба бойынша аймақта сауда жасайтын дүңгіршектер ашылатын болады.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа инвесторлардың қаржысына салынатын ғимараттар, сауда орталықтары мен тұрғын үйлердің жобалары ұсынылды.

— Қазіргі таңда бірталай жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен инвесторларға несие ретінде берілген қаражат уақыты келген кезде, қайтарылуы тиіс. Үкімет қайтарымсыз қаражат бөле алмайды. Сондықтан жобаларыңызды алып келіңіздер, ұсыныңыздар. Егерде елдің дамуына, тұрғындардың қажеттілігіне жарайтын болса, біздер әрқашан қолдауға дайынбыз,- деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *