АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

252

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында  жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің  жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауарөндірушілер 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін қойды. Өнімдер қала тұрғындарына  базар нарқынан  30 пайызға  төмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың  даму басымдылықтарына сәйкес  өндіріліп,  жинақталған.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілетін ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі — 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып,  арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *