Ақпараттық топ Алматы облысына жол тартты

2764

Алматы қаласында сәуір айында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық топ, енді Алматы облысына сапарға шықты.

Алматы облысы Талғар аудандық Орталық кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру» күні аудан тұрғындарына «Қазақтану»,  «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында мәдени-ағартушылық лекторийлер, «Буккроссинг», «Букдайтинг», «Таланттарды таныту»шаралары ұйымдастырылып,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша  жұмыс істейтін жергілікті «Аналар алқасы», «Ақсақалдар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылды.

Аға буын мен жас ұрпақтың үндесіп сабақтасуының үлгісіндей болған «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу барысында жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениет университетінің доценті, Салт-дәстүр академиясының профессоры,  Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, журналист Жаңыл Әпетовалардың тақырыптық мәдени-ағартушылық лекторийлерін, қнер зерттеушісі, жыршы-термеші Әбіш Әділбеков әсем әнмен жалғап, «Таланттарды таныту» шарасына ұласты.

Болашағынан мол үміт күттіретін дәстүрлі әнші Қостыбай Қажыби, қобызшылар Жадыра Нарманбетова, Гүлзира Шаяхметова, домбырашы Азамат Бекеновтер шараны әнмен әрлеп, күймен тербеді.

      Буккроссинг шарасында аудан кітапханасының кітап қоры, шараға жиналғандармен қатар,  жазушы-этнографтар Жұмабай Баяхмет, Болат Бопай және ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының өз қолдарымен әкеліп тапсырған авторлық кітаптарымен толықты.

BookDating шарасы осы авторлық кітаптардың таныстырылымына ұласты.

«Рухани жаңғыру» күніне аудан тарапынан қатысқан Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы,  Талғар қаласының Орталық кітапхана директоры Махамбет Қармысов, Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Берік Шағаев, «Қызылқайрат» ауылдық мәдениет үйінің директоры Кеңес Баймуханов, «Қазақ тілі» қоғамының әдіскері Гүлнар Мамырбаева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Жанна Сергеевна Третьяк өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын ауданның «Ақсақалдар алқасы», «Аналар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылып, Ережесі бекітілді.Аталмыш ұйымдар басшылары мен Халықаралық «Жанашыр» қоры өзара іс-әрекет Меморандумына қол қойды.

     Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында өтті.

Жаңыл Апетова




 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *