Ертең Алматыда альпиниада өтеді

540

Алматылықтар 7 шілдеде биіктігі 4376 метр болатын «Нұрсұлтан» шыңына шықпақ. Осылайша алматылықтар Бас қаланың туған күніне тарту жасамақ.

«Алматы Спор­ты» әлеуметтік жобасы мен Алматы қалалық спорт басқармасы аталған Альпиниадаға қатысуға барлық альпинистерді, әуесқой хайгиншыларды және қала тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырады.

Бұл сапар жаңадан бастап келе жатқан спортшылар үшін 2А сана­тындағы күрделі сапар болмақ. Оған міндетті түрде альпинистердің қатысуымен баруға кеңес беріледі. Сондықтан альпиниада кездінде қатысушыларға альпинистер  көмектесетін болады.

Тауға 12 жастан асқан балаларға да шығуға рұқсат беріледі. Бірақ қастарында ересек адамдар болуы шарт.

Альпиниада қатысушылар  каска, қара көзілдірік, күннен қорғайтын крем, тауға киетін бәтеңке, желден қорғайтын костюм, шаңғы таяғы, ішіп-жейтін заттар алып шығу керек.

Жартасты учаскелерден тек каскасы мен сақтандыру құралы барларға ғана өтуге рұқсат беріледі.

Альпиниадаға қатысу үшін www.falp.kz сайтында тіркелу ке­рек. Тіркелу бүгін 12:00 -де аяқталады. Алматы спорты сайтынан, 8 (727) 291 33 24, 8 747 380 47 81 теле­фон­дары арқылы  ақпа­рат алуға бола­ды» делінген хабар­ламада. Альпи­ниада бағдар­ламасы: Таңғы 05.30-да қатысу­шылар Медеу (1600 м.) — Шымбұлақ (2380 м.) — Талғар асуы (3200 м.) — Богданович мұздығы (3600 м.) — одан әрі Маршрут-1 немесе Маршрут-2 бойынша жыл­жиды.

Бірінші маршрут:  Богданович мұздығы – Комсомол  асуы (4000м) – Нұрсұлтан шыңы, 4376м; 

Екінші маршрут: Богданович мұздығы– Физкультурник асуы (4000) –  Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы, 4068м (Физкультурник). 

Альпиниада сағат 14:00-де аяқталады. 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *