АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ ЕЛ АСТАНАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

453

7 шілде күні өтетін вело­шеруді Алматы қаласы әкім­дігі мен «Алматы спор­ты» әлеуметтік жобасы ұйым­дастыруда.

Велошеру жексенбі күні сағат 8.00-де «Нұрлы тау» бизнес орталығынан бастау алады. Бағыты әл-Фараби даңғылымен Тұңғыш Президент паркіне дейін.

Велошеруге қатысуға екі дөң­гелекті, экологиялық көлігі бар барлық алматылықтар шақыры­лады.

Велошеру бастауында барлық қатысушыларға нөмірлер бері­леді, сол нөмірлер бойынша мәреде ұтыстар ойнатылады.

Іс-шара кезінде әл-Фараби даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы уақытша шекте­леді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *