Алматыдағы екі ауданда суық су беру тоқтатылды

649

Алматыда Бостандық пен Наурызбай ауданында бірқатар үйге суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Сумен қамту желілерінде 10 шілде күні түнгі 22:00 мен таңғы 6:00 арасында  «Мирас», «Құрамыс»,  «Таусамалы»,  «Рахат» шағын аудандарында және «Әл-Фараби», «Солнечная долина», «Мирас парк», «Таң нұры», «Долина роз»  «Bella Villa»,  «Crystal Air Village» тұрғын үй кешендерінде суық су болмайды. Бұл уақыт аралығында суық сумен қамту орындарында бекіту арматурасы ауыстырылатын болады. «Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Тұрғындар 274-66-66 телефоны арқылы бәрін анықтап біле алады», — деді «Алматы су» РМК.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *