ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1828

Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесіне орай «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты еңбек ұжымдарының журналистеріне Серіктестіктің жылдағы дәстүріне сәйкес арнайы жүлделері табыс етілді.

Бұл жолы серіктестікке қарасты  «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Дина Имамбай  «Алтын қалам» жүлдесімен марапатталды.

«Күміс қалам» жүлдесі – «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Ақбота Қуатоваға;

«Қола қалам» жүлдесі – «Ұйғыр Авази» газетінің бөлім редакторы Сабира Ануароваға берілді.

«Қазақ газеттері» сайтының веб-редакторы  Түстікбаева Гаухар «Қауырсын қалам» жүлдесімен марапатталды.

28 маусым — Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесінің құрметіне Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен «Tenge Monitor» газетінің  бөлім редакторы – Исатай Қамбаров марапатталды. «Ана тілі» газетінің дизайнер- беттеушісі – Нұржан  Асанов«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлықты «Қазақ газеттері» ЖШС-інің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Шәмшидин Әшенқожаұлы Паттеев тапсырып, марапат иелеріне шығармашылық табыс тіледі.

Жанарбек Әлихан

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *