Нұрғиса Дәуешов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

208

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты. Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті.  2011-2013 жж. — Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор. 2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *