Еуропалық мотошабандоздар Қазақстанға келді

124

Алматыда КТМ мотомектебінің алаңында шетелден келген спортшы және саяхатшылармен кездесу жиыны өтті. Испандық әлем чемпионы Джозеп Гарсия ару қала Алматыға ат басын бұрды. КТМ командасының мотошабандозы, Эндуро E1 2018  бойынша екі дүркін Испания чемпионы 22 жастағы спортшы Қазақстанның көрікті табиғи орындарында аралауға келіп отыр.  Хош, сонымен танымал спортшы қазақ еліне қалай келді?

Өмірде бір нәрсе екінші бір нәрсеге себепкер боп жататыны бар..! Сонау, Expo 2017 Астана көрмесінің ашылу салтанатында Испаниядан Андреа Беренд есімді тұрғын тікелей толқынға қосылған еді. Оған Қазақстан бірден ұнаған. Тікелей байланыс кезінде өзінің жанұясы және испандық достарымен келуге ықыласты екендігін білдіреді. Міне, араға жыл салып ол тілегі жүзеге асады. Жолдасы Флориан Беренд   балаларымен қоса, эндуро экстрималды спортынан  испандық жаттықтырушы Джозеп Гарсиямен бірге Қазақстанға келіп отыр.  Міне, солай эндуро спортының жарық жұлдызы қазақ жеріне табан тіреді.

Біздің мемлекетіміз тарапынан аталмыш турды Қазақстан Ұлттық музейі және «Kazakh Tourism» ҰК АҚ қолдауымен өткізіп отыр.

Бұл эксурсияға демеуші болып жатқан Exponential Group компаниясы, тур аясында белгіленген аймақтың барлық жерін түсіріп, Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін шағын фильм дайындайды.

Мен өз елімде яғни, Германияда саяхаттауға Нью-Йоркке кетіп бара жатырмын десем, ешкім менен ештеңе сұрамайды.  Ал Қазақстанға кетіп бара жатқанымды айтқаным сол еді, қызығушылығын мен таңданыстын тудырып жатқандар көп.  Осы сапар туралы шешім қабылдағанымызда, жұбайым өз елімізге осы мекенді таныстыру мақсатында фильм түсірейік деп ұсыныс тастады. Біздің барлығымызды Қазақстанның табиғаты таңдандырады»,- дейді турды ұйымдастырушы демеуші компания негізін қалаушы және мотошабандоз Флориан Беренд.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *