АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДАБЫЛ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

106

Арыс қаласындағы қаупсіздік және дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, ауыстырылады. Сонымен бірге Түркістан облысының даму бағдарламасы бойынша өңірдегі барлық аудан, қалаларда да осы бағытта жұмыс күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, бүгінде Арыс қаласында 16 техника мен 65 адам кезекшілікте жүр. Сонымен бірге ол тұрғындарға газ балондарын қолдануда өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін ескертті.

         ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласы мен оның маңындағы 20 шақырым аумақта тексеру, мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әскери қоймаға жақын тұста мал жаюға болмайтынын айтты. Себебі, мұнда әлі де тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «Нысандар құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры Арман Жетпісбай «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына 66 әлеуметтік нысанның құрылысы тапсырылды. Оның ішінде 54 білім мекемесі, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны бар. 62 нысан әртүрлі деңгейде күрделі жөндеуден өтсе, 4 нысан басынан тұрғызылады. Бүгінде құрылыс аумағында  30 мердігер, 49 техника және 1300-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Бәрін уақтылы әрі сапалы аяқтаймыз», – деді А. Жетпісбай.

Ал Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек құрылыс жұмыстары жоғары қарқында қолға алынғанын, қала қалыпты өмірге оралып келе жатқанын жеткізді. Сонымен бірге ол Атырау және Жамбыл облысына тиесілі секторларда жұмыс ілгерілеу екенін мәлімдеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *