ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ ОЗАДЫ!

752

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қадірлі қарттарға арнайы концерт ұйымдастырып, сыйлықтарымен қуантты, деп хабарлады Ассамблеяның Баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (п.Көктал 1, ул.Аққорған 2) «ӘЛЕМ СІЗДЕРМЕН МЕЙІРІМДІ!» қайырымдылық акциясын жыл сайын тұрақты түрде өткізеді.

Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шараға Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен шығармашылық топтар қатысты.

Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қамқорлық жасау және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру.

Іс-шара барысында ҚХА этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды. Ұлттық тағамдарға арналған дастарқан жайылып, сый-сияпаттар үлестірілді.

Елбасы тапсырмасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық істерді үйлестіруші ретінде, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтушы ретінде маңызды рөл атқарады.

Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері осындай іс-шараларға белсенді қатыса отырып, төл мәдениетін таныстырып, ортақ мақсатқа жұмылып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға атсалысып келеді.

Мерекелік шара барысында қазыналы қарттарымыз арнайы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, сыйлықтар таратылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *