«FlyArystan» әуе компаниясының Тараздан қатынайтын жаңа бағыттары ашылмақ

188

Бұған дейін Тараздан тек  Алматы арасына  қатынайтын «FlyArystan» әуе компаниясының ұшақтары енді Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Орал  мен  Әулиеатаның арасын жақындата түспек.

Бұл жоспарымен Жамбыл облысы әкімінің қабылдауында болған компания директоры Тим Жордан бөлісті. Өз кезегінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жамбылдықтар үшін қажет бар қолдауды көрсететінін жеткізді.  Мамыр айынан бастап әуе кеңістігіне шыққан «FlyArystan» бүгінге дейін 25 мың билет саудалаған. Оның 90 пайызға жуығы 10 мың теңгеден төмен. 180 орындық әуе кемесі күнделікті жолаушыға толы. Ендігі кезекте еліміздің өзге өңірлерін де қамтуды көздейді. Облыс әкімі компания өкілдеріне тек жолаушылармен ғана шектелмей, жүк тасымалын да қолға алуды ескертті. Сондай-ақ, билет құнын аспандатпай, арзан бағада ұстауға ұсыныс білдірді.  Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы  жауапты орынбасарына айтылған ұсыныс-тілектерді зерделеуді тапсырды.  «Алда біздің үлкен жоспарларымыз бар. Тараздан өзге қалаларға қатынайтын бағыттарды анықтап жатырмыз. Ол үшін алдымен Тараздағы әуежаймен келісімге келуіміз керек. Өйткені біз ұсынатын бағалар төмен. Соған сәйкес шығындарымыз да аз болуы қажет», — дейді  «FLYARYSTAN» әуе компаниясының маркетинг және сату бөлімінің басшысы Жанар Жайлауова.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *