Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

426

Алматы облысы әкімінің өкімімен Манзоров Бағдат Сайланбайұлы аймақ басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Байжанов Айдарбек Естебекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің өкімімен қызметінен босатылды. Манзоров Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы туған. 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология магистрі — көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *