Головкин ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы атанды

428

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады.

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. «GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 млн доллары — Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар — демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды», — делінген хабарламада. Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 млн долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *