Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

107

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов пен Айдын Құлсейітов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KAZGAZETA.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды; Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген құжатта.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *