Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

238

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 17 тамызда өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы жекпе-жек Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болады. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.

 

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белбеулерін иеленген еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *