Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте қандай талаптарға екпін қойылады

119

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау шарларынсыз жобаларға екпін қойылады. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«620 жоба (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) дайындық кезеңінде тұр, олар шамамен 1 трлн теңгеге бағаланды. Айта кетейік, бүгінде негізгі екпін мемлекеттік қолдау шараларынсыз іске асырылатын жобаларға қойылып отыр. Сондықтан аталған 620 жобаның арасында басым бөлігі тариф есебінен пайда түсіруге негізделген», — деді А. Көбетов Үкімет үйінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып. Бұдан бөлек ол пробламалық жобалар туралы айтып берді. «Ірі жобалардың ішінде проблемалық нысандар жоқ, алайда жергілікті жерлерде тиісті себептермен тоқтаған жобалар бар», — деді А. Көбетов.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік- жекешелік әріптестік саласында қанша жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті.  «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікте 565 жоба бекітілді. Оның сомасы 1,2 трлн теңгеге жетті. Соның 9-ы республикалық жоба болса, қалған 556-сы өңірлерге тиесілі», — деді М. Такиев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *