Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» теларнасының басшылығына тағайындалды

133

«Алматы» телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Жалауқызы еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының «Шалқар» ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болып тағайындалды.

1992 — 1994 жылдары Қазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1995 — 1997 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті.

1997 — 2006 жылдары Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директор орынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 — 2011 жылдары «31 телеарнасына» жетекшілік етті.

2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» АҚ ТРК Басқарма төрайымы қызметін атқарды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «31 арнаның» бас продюсері, «Қазақстан» АҚ ТРК құрамындағы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметінде болды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *