Шығыстағы — Қаракөл

2435

Язевое көлі (Қаракөл)-Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай әкімшілік ауданы, Қараайрық ауылынан солтүстікте 12 км қашықтықта орналасқан. Мұзтауға барар жолдың оңтүстік-батысында орналасқан  тамаша көл. Ауданы салыстырмалы түрде үлкен емес-1,0х0,4 км. Айдын көлді қоршаған таулардың баурайы қылқан жапырақты орманды болып келсе, биіктеген сайын альпілік шалғынға ауысады. Көл өзінің атауы айтып тұрғандай, балығымен әйгілі. Бұл салмағы 3 кг болатын язь балығы мекендейтін аймақтағы жалғыз көл.

Қаракөл Мұзтауға, Ақ Берел өзенінің бастауына, Көккөл сарқырамасына, Көккөл кенішіне апаратын басты жолда, теңіз деңгейінен 1656 м  орналасқан. Ұзындығы 3 км, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі жасыл-сары, тұнықтығы 4,2 м. Көлге 2 шағын бұлақ пен бастау құйып, Язевая өзені ағып шығады.

Суретті түсірген: Досжан Балабекұлы

Шығыс Қазақстан облысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *