Алматыда 15 мың оқушының мектеп формасына бюджеттен қаржы бөлінді

411

Алматылық 15 мыңнан астам оқушының мектеп формасына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова айтты, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасындағы оқушылардың мектеп формасын мемлекет өз мойнына алды. Оған жергілікті бюджеттен 260 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы қаладағы мектепердің есепшоттарына түседі, кейін мектеп әкімшілігі ата-аналардың жеке шотына аударады.

«Бұрындары тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасын білім мекемесі алып беретін. Бұл ата-аналар тарапынан наразылық тудырды. Сапасына көңілдері толмайтын. Биылдан бастап жаңашылдық енгіздік. Енді, ата-аналар мектеп формасын өздері сатып алады. Олардың есепшотына қажетті қаржыны мектеп аударады», — дейді Алматы қалалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова.

Ата-аналардың жеке есепшотына қаржы тамыздың ортасынан бастап түседі. Сондай-ақ, балалар санына шектеу жоқ. Яғни, тұрмысы төмен отбасының мектепте оқитын барлық баласы қамтылады. «Ата-ана сатып алған мектеп формасының түбіртегін мектептің есеп бөліміне өткізуге міндетті. Сонымен қатар, сатып алынған киім отандық өнім болуы тиіс. Қолымызда бар дерекке сүйенсек, отандық мектеп формасының бағасы 11-18 мың еңге аралығында», — деді Гүлнәр Ходжабергенова. Бұл жеңілдікке ата-аналар әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарын дәлелдейтін құжаттар өткізгенде ғана қол жеткізеді. Қажетті құжаттар тізімін мектептен алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *