ЛӘЗЗАТ НҰРТАЕВА БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКУРГІНІҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛД

258

Сайлаудан жеңіп шыққан Нұртаева Ләззат Лесбековна аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Бірлік ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қайта тағайындалған әкімнің қызметіне сәттілік тілеп, қызмет орнына жайғастырды. Жиынға округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен округтің белсенді азаматтары қатысып, ізгі ниеттерін білдірді.

Л.Нұртаева 1975 жылы Мақтаарал ауданында туылған. 1994 жылы Мақтаарал ауылшаруашылық колледжін «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Бірлік селолық әкімшілігінің хатшысы болып бастаған. Осылайша дәл осы округте жетекші маман-есепші міндетін атқарушы, жетекші маман-есепші, бас маман-есепші қызметтерін атқарып, ауылдық округ әкімінің орынбасары лауазымдарына дейін көтерілді.

2015 жылдан бастап қазірге дейін Бірлік ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, Л.Нұртаева 4 жылдан кейін қайтадан сайлауға түсіп, жеңіске жетіп отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *