Маңғыстау пойыздарының жолсеріктері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

265

Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, «Маңғыстау — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында биыл шілденің 12-19-ы аралығында «Алматы — Маңқыстау», «Маңқыстау — Алматы» және «Маңқыстау – Атырау» бағыттары бойынша рейд жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті хабарлайды.

Тексеру барысында 23 билетсіз жолаушы, сондай-ақ, шамамен 900 кг. заңдастырылмаған жүк анықталды.

Рейд қорытындысы бойынша пойыз жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 21 әкімшілік материал толтырылды. Бұл шара әлі де саланы бақылайтын мемлекеттік органдармен бірге жалғасын табатын болады. Жақын арада теміржол саласы қызметкерлерімен бірге бірқатар алдын алу шараларын өткізу жоспарланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *