Пәкістанда ұшақ апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

159

Пәкістанның солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, төтенше жағдай Равалпинди қаласында 30 шілдеге қараған түні болған. Ұшақ құлаған соң өртеніп, өрт сол маңдағы үйлерге дейін жеткен. Бірақ ұшақтың нақты не себептен құлағаны айтылмады. Қаза тапқандардың ішінде екі ұшқыш пен экипаждың үш мүшесі бар. Сондай-ақ, 16 адамның жарақат алғаны белгілі болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *