ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

132

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғани Сақтағанұлы  Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар маманы (2005); Монтерей халықаралық зерттеу институты («Болашақ» бағдарламасының стипенлиаты), Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ), Жоғары бизнес мектебі Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); Колумбия университеті, бизнес-мектеп және т.б. Еңбек жолы: БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші (02.2007-07.2007); ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); «Назарбаев Университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017).




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *