Нұр-Сұлтан қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

607

31 шілдеде «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.   

Айта кетейік, алдында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100-ден астам жұмыc берушісі жиналып, 3000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1000-нан астам жұмыс іздеуші қатысты. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2900 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам — әлеуметтік жұмыстарға, 1861 адам — қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940-тан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *