Колониядағы заң бұзушылыққа қатысты Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

600

Осыған дейін желіде колония қызметкерлері сотталушыларды азаптап жатқаны жайлы видеолар таратылған еді.  Осы оқиғадан соң ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  Twitter желісіндегі парақшасында Азаматтық бақылауды күшейту қажеттілігі туралы жазды. Онда:

 «Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет», — деді Мемлекет басшысы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *