Алматы халықаралық әуежайында алманың мүсіні орнатылды

528

Алматы халықаралық әуежайында қаланың басты символы болып табылатын алманың мүсіні орнатылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  әуежайдың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Ескерткіштің авторы мүсінші Болат Әбдрахманов. Алтын түсті мүсіннің салмағы 30 келі, диаметрі 1,2 метр, биіктігі 1,4 метр.

«Достар, әуежайдың келу залында  осындай әдемі қала символы қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Қала тарихынан сыр шертетін —  Алматы — алмалар қаласы!  —  оңтүстік астанамен танысудағы ұмытылмас әсерге бөлейді», — делінген әуежайының хабарламасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *