Алматыдағы өрттің себебі анықталды

713

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Назарбаев даңғылындағы өрттің себебін анықтады. Ведомство мәліметі бойынша, өрттің шығу себебі  қауіпсіздік ережелері бұзылғандықтан орын алған, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

 «Битумды қыздыру үшін ашық от қолданылған, бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылады«, — деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Назарбаев даңғылындағы үйлердің біріндегі шатырдың жануы туралы хабарлама 11.58-де келіп түскен. Өрт сөндіру қызметі шақыру орнына 6 минуттан соң, 12.04-де келіп, өртті 12.31-да ауыздықтады. Жұмыс барысында 30 адам эвакуацияланған, оның ішінде 4 бала бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *