Арыста зардап шеккен бала қайтыс болды

536

Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы оқиға кезінде көлік астына түсіп, елрдадағы №2 ауруханаға жеткізілген 8 жасар Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге одан басқа ешқандай мәлімет бере алмаймыз», — делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс апаты кезінде көлік астына түсіп, ауыр жарақат алған Аян Шәріпбаевтың жағдайы өзгеріссіз екенін, тіпті шетелдік нейрохирургтарға көрсеткенін айтқан болатын.

Бала 2 тамызда сағат 9.20-да қайтыс болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *