Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

550

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *