«ArmandaStar» топтық көрмесін ашылды

2124

2019 жыл 2 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Жастар жылы аясында жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатымен «ArmandaStar» топтық көрмесін ашты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінің» Баспасөз бөліміне сілтеме жасап.

Республикалық көрмеге Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл қалаларының кәсіби маман ретінде енді танылып жатқан жас суретшілер өз туындыларын ұсынды. Көрмеге Айтуарова Людмила, Аширбекова Дилором, Амренова Алия, Аскарова Гульбарам, Абенов Темирлан, Базарбаев Нұрболат, Жораев Бакыт, Даирова Гульнара, Карибаева Айгерим, Нуртазин Азамат, Имангазы Наркес, Ильясов Мейрман, Кулахметова Айдана, Сергеева Валерия, Хакимова Анеля сияқты жас суретшілер қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай жастарды қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар – әр мемлекеттің келешегі. Бүгінгі көрме де жас талантты жастарды қолдау үшін ашылып жатыр. Қазақстанның өнері дүниежүзіне танылып келеді, жастарды да осы қатарға шығарғымыз келеді. Бүгінгі көрме олардың алғашқы қадамы, келешекте бұл суретшілер үлкен көрмелерге қатысатынына кәміл сенемін», — деп өз пікірін білдіріп, жас суретшілерге сертификат табыстады.

Жас суретшілердің шығармашылықтарынан жаңа ізденістерді, өз бейнелеу тілін қалыптастыруға деген талпынысты, өткенмен сабақтастықты көруге болады. Экспозицияда бейнелеу өнерінің кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, цифрлы кескіндеме сияқты түрлері қойылған. Шығармалардан түрлі бейнелеу құралдары арқылы бүгінгі күннің бейнесін, өткеннің және бүгінгі күннің көрінісін тамашалауға болады.

ArmandaStar — болашақта қазақ бейнелеу өнерінің жарқын бейнесіне айналар талантты суретшілер. Көрме экспозициясына түрлі тақырыптағы жұмыстар қойылды, осыған орай әр суретшінің шеберлігін, өзіне тән ерекшелігін айқын байқауға болады. Дарынды суретшілердің туындылары аталған көрмеге тұңыш рет ұсынылып отыр. Кейбір шығармалар «Армандастар» көрмесіне арнайы жазылғанын атап өткен жөн.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *