Шілде айында МСҚ 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті

596

Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлайды. 

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады.

Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *