11-13 тамыз Құрбан айт мерекесі

750

Мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айттан 70 күннен өткеннен кейін барша мұсылмандарға ортақ Құрбан айт мерекесі басталады. Биылғы жылдың Құрбан айт күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, 11-13 тамыз аралығына сәйкес келеді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

«Құрбан» араб тілінен аударғанда «жақындау» деген мағынаны білдіреді, яғни, Құрбан айт жер бетіндегі мұсылман қауымының құрбан шалып, тілек тілеп, игілікті, сауапты әрекеттері арқылы Аллаға жақындауымен ерекшеленеді. Құрбандыққа шалынатын мал дені сау, он екі мүшесі түгел болуы шарт. Дегенмен, құрбандық шалу деген қан шығарып, мал сою ғана емес, ең бастысы — шүкіршілік етіп, шын жүректен ниет етумен қабыл болатын парыздың бірі. Құрбан айтта Меккедегі қажылық аяқталады. Жомарттық пен бауырмалдық, қайырымдылық пен кең пейілділіктің мерекесіне айналған Құрбан айт қазақ халқы үшін бүгінде рухани өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыҚұрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптарды көпшілік назарына ұсынады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *